Қ.Тоқаев Вьетнам президентін Қазақстанға келуге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары басталды.

Түске дейін Мемлекет басшысы жоғары деңгейде келіссөздер жүргізді.

Дамир Берікұлы, тілші:

"Вьетнамдықтар - ұзақ жылдар бойы тәуелсіздік үшін тер төккен өжет халық. Ерте заманда Қытай әскеріне қарсы тұрса, 20-ғасырдың басында француздарға тойтарыс берді. Одан қалды Америкамен арпалысты. Ол тарихта Вьетнам соғысы деген атпен белгілі. Міне, сол майдандарда ерекше ерлік көрсеткен батырларын жергілікті халық қатты құрметтейді ".

Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапарыда осы Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл да болса вьетнамдықтарға деген құрмет. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның тұңғыш президенті Хошиминнің рухына тағзым етті. Ал қазіргі Президенттің резиденциясында қазақ елінің басшысын зор құрметпен, бар сән-салтанатымен қарсы алды.

Екіжақты кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг 30 жылдан астам тарихы бар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Соның дәлелі ретінде тараптар өзара визасыз режим жайлы құжатқа қол қойды. 

Дамир Берікұлы, тілші:

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Вьетнамға алғашқы сапары. Вьетнамның да жаңа басшысы біздің елде Президент ретінде ресми сапармен болмаған. Сондықтан Мемлекет басшысы әріптесін келесі жазда Қазақстанға келуге шақырды".

Дамир Берікұлы, Айдос Меделбеков, Ділмұрат Сейдаханов