Қ.Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, Ержан Сәденовті таныстырды.
Президент ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысы ішкі істер органдарында 30 жыл еңбек еткенін, аудандық жедел уәкіл қызметінен министрдің орынбасары лауазымына дейін көтерілгеннін атап өтті. Сондай-ақ кешегі Жолдауда берілген тапсырмалардың іске асырылуы көбіне құқықтық тәртіптің деңгейіне байланысты екенін және осы ретте полиция маңызды роль атқаратынына тоқталды. Мұнан бөлек Президент ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуге, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тұрақты байланыс жасауға қатысты жаңа идеялардың қажеттігіне назар аударды.