Қ. Тоқаев Wabtec компаниясының президентін қабылдады

Ақорда

Мемлекет басшысы Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады.

Кездесуде теміржол саласын жаңғырту аясындағы ынтымақтастық талқыланды. Рафаэль Сантана елдегі сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен қосалқы бөлшектер өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы, технологиялық трансферт құру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін өтті

 

ҚТЖ МЕН Wabtec ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Айта кетейік, Wabtec көлік-логистика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі. Бұл компанияның әлемнің 50-ден астам елінде филиалы бар және онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді.