Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерришпен кездесті

Ақорда

Мемлекет басшысы Америкаға сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Тараптар Қазақстанның бұл ұйыммен жан-жақты ынтымақтастығының бағыттарын айқындап, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін талқылады. Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат білдіріп, екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент өз кезегінде Бас хатшының қызметіне жоғары баға беріп, оның бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетін қолдайтынын жеткізді.