Президент мақаласы америкалық басылымға шықты
«Біріккен ұлттар ұйымы біздің жер шарымыздың келешегіне ықпал ететін ұзақ мерзімді шешімдерге баса назар аудару керек».
Америкалық беделді "The Hill" газеті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен сөйлеген сөзіне қатысты осындай айдармен көлемді мақала жариялады. Мемлекет басшысының қазіргі халықаралық мәселелерді шешу үшін бірігіп әрекет етуге шақырғанына көңіл аударады. Әсіресе, Қазақстанның ядролық сынақтардан жапа шеккен ел ретінде жойқын қаруды қолдану қаупіне қатысты алаңдаушылығын атап өтеді. Ядролық қарусыздану бойынша бастамаларға қолдау білдіреді. Сондай-ақ, Президенттің БҰҰ ішінен Биологиялық қауіпсіздік жөнінде агенттік құру, әлемде азық-түлік қауіпсіздігі және су мәселесін шешуге бағытталған шараларды қолға алу туралы ұсынысының өте өзекті екенін айтады.