Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық "Иннопром. Қазақстан" өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді. Президенттің айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артып келеді. Бұл Одаққа мүше елдердің сыртқы сауда көлемінің үздіксіз ұлғайып, биылғы бірінші жартыжылдықта 13 пайызға жеткенінен байқалады.