Президент Қытайға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды.
Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында Президентті Қытайдың Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар келіссөз жүргізіп, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады. Мұнан бөлек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады. Сапар аясында Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесу де жоспарланған.