Президент Үрімжі қаласына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжі қаласына барды.
Мұнда қазақ басшысы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөзде аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.