Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Республика күні қарсаңында Президенттің жарлығымен елімізде түрлі салада елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азамат марапатталды.
«Қазақстанның Еңбек ері» атағы еліміздің мұнай-газ саласын дамытудаға үлес қосқан Семей қаласы «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегімен көзге түскендер марапатталды. Сондай-ақ белгілі ғалымдарға, мәдениет және білім қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне «Парасат» ордені берілді. Және биылдан бастап құрметті марапат қатарына «Қазақстан халық жазушысы» мен «Қазақстанның халық артисі» атақтары қосылды. «Ерлігі үшін» медалімен тілсіз жаудан тұрғындарды құтқарып, өртті ауыздықтап үлкен ерлік көрсеткен азаматтар наградталды. Жалпы биыл мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берліген. Олардың арасында 298 ұстаз, денсаулық сақтау саласының қызметкердері, 200-ден астам ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері және өндіріс саласының 90-ға жуық жұмысшысы бар.