Тоқаев халық санының 20 млн болуымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жетуімен құттықтады.
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді - деп жазды Президент өзінің твиттердегі парақшасында.