Қ.Тоқаев Қытай Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады
«Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз».
Қытайдың Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдаған Президент осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында өзара визасыз режим күшіне енгенін еске салды. Ал келесі жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды.
«Бұл әсіресе жастар үшін өте маңызды шешім деп санаймын», - деді қазақ басшысы. Өз кезегінде Дин Сюэсян Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төраға Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізіп, екі жақты ықпалдастықтың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.