Президент: Экономикада әділдік болу керек

Экономикамызда әділдік болуы керек.

«Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды», - деді Мемлекет басшысы. Президент елдегі шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асқанын айтты. Салада жұмыс істейтін адамдар саны 4,3 миллионға жетті. Бұл еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы. Мемлекет басшысы Инвестициялық штабтың жұмысына да тоқталды. «Штабқа заңды күші бар, уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу құқығы берілді. Оған шешімдер қабылдауға құзырет беру аса маңызды. Оны мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар міндетті түрде орындауы керек. Мұндай шаралар еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға ықпал етуді көздейді» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.