Қ.Тоқаев ЖЕЭК отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке барды
Қазақстан президентінің борты Санкт-Петербургтің Пулково әуежайына әзірде келіп қонды.
Жалпы биылғы отырыс бұрынғыдан әлдеқайда маңыздырақ болатынын бұған дейін Еуразиялық комиссия мүшелері мәлімдеген еді. Бүгінгі кеңес барысында бестік басшылары жиырмадан астам мәселені талқылайды. Оның ішінде экономикалық бірлестіктің 2030, тіпті 2045 жылға дейінгі даму декларациясы бар. Мұндай көп жылдық жоспар түзуіне қарағанда Экономикалық одақтың бүгініне барлық тараптың көңілі толатын секілді. Енді сандарға келетін болсақ, әзірге биылғы көрсеткіштер жарияланған жоқ, ал былтырғы статистика бойынша Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен өзара саудасы 28 млрд доллардан асқан. Биылғы отырыстың тағы бір маңызды тұсы – бүгін Еуразиялық Экономикалық одақ Иран Ислам Республикасымен Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды. Еуразиялық комиссия мүшелері бұл құжатты рәсімдеуге үш жылға жуық уақыт кеткенін айтып отыр.
Айта кету керек, бүгінгі жиынға Армения тарапы да қатыcады.