Биыл Мемлекет басшысының жұмыс кестесі тығыз болды

2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі тығыз болды.

Президент жылдың алғашқы күнінен бос отырмаған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылдың 17 күнін өңір аралауға арнап, 14 аймаққа барып қайтты. Бұл жайлы Мемлекет басшысының Кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли информ.кз сайтына берген сұхбатында айтты. Президент жұмысының көрінбейтін қырлары жазылған мақалада қазақ басшысының жаңа жылды қайда қарсы алатыны да айтылыпты.

2023 жыл. Саяси өзгеріске толы, экономика жағынан табысты һәм маңызды шешімдер жылы. Президенттің әр пәрмені халықтың тыныс-тіршілігі мен тұрмысын түзеуге бағытталды. Жұмысы қауырт қазақ басшысы қызметіне жылдың алғашқы күні қосылды. 1 қаңтар күні «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат ірі шаһарларды жағалай мекендеген жұртқа майдай жақты.

Одан кейін бас-аяғы 98 заң, 344 Жарлық, 91 өкімге қол қойды. Су жаңа 5 министрлік құрылды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін жетілдурге жол ашты. Жалпы алғанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдынан 5 мыңға жуық құжат өтті.

ГРАФИКА:

Қарастырылған және қол қойылған құжаттар – 5 мыңға жуық

Заң – 98

Жарлық – 344

Өкім – 91

Мәжіліс хаттамасы – 27

Қызметтік құжат – 4328

ЦИТАТА

Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен бірқатар маңызды заңдар әзірленіп, күшіне енді. Түптеп келгенде әрбір құжаттың мазмұнында мемлекет мүддесін көздейтін маңызды шешімдер, тұтас саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер жатыр.

Ал мемлекеттік мүдде дегеніміз қалың қарашаның мүддесі. Сол үшін Президент "Ұлттық қор балаларға" бастамасын ұсынды. Бұл шешімді қоғам жылы қабылдады. Келер жылдан бастап мемлекет мезіретін балалардың шотына түсе бастайды. Ендігі тұрғындар перзентінің ризығын асыға күтіп жүр.

БЛИЦ:

- Өзімнің қызым бар, 13-те. Тіркеп бәрін орын-орнына қойып қойдық. Өте керемет. Халықтың, балалардың келешегін ойлап істеп жатқан нәрсе тамаша, маған өте ұнайды.

- Өте жақсы ғой ол. Ол енді қамқор. Онсыз-ақ өз ұрпағыңа барлық қамқорлығыңды жасайсың сен. Сондықтан билігіміз болашақ ұрпаққа қамқорлыық жасап жатыр деп ойлаймын.

- Жақсы қабылдадым, өте қуанышпен. 3 балам, 3 қызым бар. Балалар болашағымыз ғой, болашағымыз жарқын болсын.

- Жақсы қабылдадық, қуаныштымыз. Шамалы болса да көмегі болады ғой, балалларға болашақта.

Қоғам әділдікті талап етті. Демек, ел қазынасы байға да, жарлыға да тең бөліну керек. Осы тұрғыда Заңсыз активтерді елге қайтаруды қамтамасыз ететін құжатты атап өтуге болады. Жымқырылған қаржыны әлеуметтік салаға бөлу сәтті шешім болды дейді мәжіліс депутаты Марат Бәшімов.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шынын айтып кету керек. Осы жылдары Президент бастамасымен өте керекті маңызды, конституцияға сәйкес, конституцияның үстемділігін көтеретін заңдар өте көп қабылданды. Заңсыз активтерді қайтару деген ол да маңызды ғой. Өйткені ол активтерді әлеуметтік салаға берсек, одан артық бізге не керек иә? Осы жыл өте жақсы өтті. Биылғы қабылданған заңдар халыққа маңызды әрі керек те.

Бұл келекшетегі ауқымды бастамалардың іргетасы болатын құжаттар. Ал бүгін ше? Халықтың қазіргі халі қалай? Сұхбатта Берік Уәли жалақы мәселесіне тоқталды. Педагогтердің еңбекақысын жыл сайын 25 пайызға өсіру арқылы биыл ұстаздар айлығы 100 пайыз көбейді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтері 30, профессор-оқытушылар 26, дәрігерлер 30, медицина қызметкерлері жалақысына 20 пайыз қосып алды. Ал  студенттердің стипендиясы 20, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға өсті.

Биыл педагогтердің лауазымдық жалақысы – 100%

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері – 30%

ЖОО оқытушылары – 26%

Дәрігерлер – 30%

Медицина қызметкерлері – 20%

Студенттер стипендиясы – 20%

Магистранттар мен докторанттар стипендиясы – 15%

ЦИТАТА

Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді. Осы бағдарламаның бір бағыты – бюджеттен қамтамасыз етілетін ұйым қызметкерлерінің еңбекақысын жүйелі түрде өсіру. 2025 жылға дейін мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Жалпы, бұл – өте ауқымды бағдарлама.

Жолдауда Президент ел экономикасының жыл сайынғы тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізуді тапсырды.  Үкіметтің алдында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайту міндеті тұр. Сарапшылардың пікіріне сенсек, қазір бұл бағытта жүйелі серпіліс байқалады. 

Жанерке Қайратқызы, Еуразиялық гуманитарлық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Экономикалық ахуал көңіл толтырарлықтай деп айтуға болады. Өсім бар, стогнация жоқ, ресецция жоқ деуге болады. Өсім бар, алға жылжу бар. Әлемдік жағдайды алып қарайтын болсақ, ковид кезінде бәсеңдеді ғой экономикабарлық мемлекеттік, қазіргі жағдай соған пара пар келіп тұр. Геосаяси ахуал бар, Алайда барлық сындарлы сәттердің бәрінен тиімті турде шешуге тырысып жатырмыз.

Тұрғындардың табыс-тұрмысымен қатар тыныс-тіршілігі де Президенттің жіті назарында. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 14 өңірге жұмыс сапарымен барды. Жергілікті халықпен тілдесті. Өзі жетпеген жерге, сөзі жетті. Қордалы мәселелер анықталса, тиісті тапсырмаларын берді. Әрине өңірге сапарда әр әкім жыртығын жамап, кем-кетікті жасыратыны белгілі. Сұхбатта "Президентке аймақтағы шынайы ахуал бүркемесіз жеткізіле ме?" деген сұрақ қойыды. Бұған Берік Уәлидің жауабы мынадай.

ЦИТАТА

Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы

Әрбір әкім өзі басқаратын облыстағы жетістіктерді барынша жеткізуге тырысатыны белгілі. Әйтсе де, Президент еліміздің тыныс-тіршілігін ұдайы бақылауында ұстап отыр. Ел ішіндегі шынайы ахуалмен жақсы таныс. Оның үстіне, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері күнделікті қажетті ақпаратты жеткізіп отырады. Мемлекет басшысының өзі де әлеуметтік желілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын шолып, тиісті тапсырмалар береді.

Биыл көңілді құлазытатын, жайсыз оқиғалар да болды. Қарашаның абсына бұлт үйіріліп, іс насырға шапқанда көпшілік Президентті іздейтіні белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев та көңіліне қаяу түскен азаматтардың жанынан табылуға тырысты. Мәселен, Абайдағы өрт кезінде Ветьнамға сапарын кейінге шегеріп, зардап шеккендердің отбасымен кездесті. Өртті ауыздықтаудың барысын бағамдады. Қарағандыдағы апат кезінде де Президент дереу жолға шыққан еді.

ЦИТАТА

Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы

Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат кезінде де оқиға орнында жедел штаб отырысын өткізді. Жақындарынан айрылған отбасылармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Азаматтарға қажетті көмек көрсетуге пәрмен берді.

Мемлекет басшысының аймақтарға жұмыс сапары нәтижесінде облыстардағы қордаланған мәселелерге талдау жасалады, кейін соның негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тиісті шешімдер қабылданады.

Президенттің баспасөз қызметі де белсенді. Биыл акорда.кз сайтында мыңға жуық материал жарияланды. Ал Aqorda телеграм-арнасына 8 мыңнан аса ақпарат шықты. Телеграм арнаға 44 428 оқырман жазылған. Ал Президенттің Twitter парақшасына 391 786, Іstagram-ға 2,6 миллион жазылушы тіркелген.

ГРАФИКА:

Жарыққа шыққан жазбалар

сайты – 977

Aqorda телеграм-арнасы – 8022

Twitter – 56

Instagram – 63 

Жазылушылар саны

Aqorda телеграм-арнасы – 44 428

Twitter – 391 786

Instagram – 2,6 млн

Мұнан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарымен де байланыс тығыз. Қауырт жұмысқа қарамастан мемлекет басшысы 8 брифинг өткізді. Жыл басынан бері шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарына 4 рет сұхбат берді, 3 мақаласы жарық көрді.

Графика:

Брифинг – 8

Сұхбат – 4

Мақала – 3

ЦИТАТА

Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы

Орайлы сәтті пайдалана отырып айта кетейін, Қазақстан Президенті келесі жылы қаңтар айының басында республикалық басылымдардың біріне еліміздің ішкі-сыртқы саясатын толық қамтитын көлемді сұхбат беруді жоспарлап отыр.

Бекзат Аманов, тілші:

Осылайша бір жылдың бедерін биік белестермен қортындыладық. Әне-міне дегенше Жаңа жылға қадам басамыз. Босағада тұрғанда берекелі мерекені қалың қараша отбасымен тойлайды ғой. Президент те жыл басын әулиетімен бірге дастархан басында қарсы алады. Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли сұхбатты осылай түйіндеді.

Бекзат Аманов