Мемлекет басшысы Дания Королі X Фредерикті құттықтады
Дания Королі X Фредерик таққа отырды.
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жеделхатын жолдады.
Жеделхатта қазақ басшысы: «Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор» деп жазды. Сонымен қатар Президент осыған дейін патшайым болған II Маргретеге де хат жолдап, екі ел ынтымақтастығы дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдірді.