Мемлекет басшысы Италияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Құрмет қарауылымен бірге Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Ал қаңтардың 19-ы күні Қазақстан Президенті Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.