Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
– Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін, деп жазылған жеделхатта.
Президент Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал Кувейт халқына құт-береке тіледі.