Бакуде Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.