Қ.Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Әз-Наурыздың бастауы - Амал күнімен құттықтады.

Құттықтау мемлекет басшысының Твиттердегі парақшасында жарияланған. Президент "Бұл халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз" деп бағалады. Сондай-ақ бұл күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптелетінін атап өтті.

"Әз-Наурыздың бастауы - Амал күні құтты болсын! Бұл халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін!"

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті