Қ.Тоқаев пен Н.Пашинян БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін, барша армян халқына алғыс айтып, еліміз Арменияның көне тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді. Сондай-ақ Арменияны, Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Бүгінгі келіссөздер екі елдің жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты сақтауға мүдделі екенін дәлелдейтініне де тоқталды.