Мемлекет басшысы Қостанай облысына барды
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Мемлекет басшысы Қостанай облысына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқан аумақтарды аралап көрді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов 492 ауылдың 11-ін су шайғанын жеткізді. Әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпір мен 7 жол учаскесін су шайған, 1400-ден астам электр бағаны бүлінген. Салдарынан 13 елді мекенге жарық жеткізу мәселесінде түйткіл пайда болып отыр. Құмар Ақсақалов Қостанай өңіріндегі бөгеттерді бекіту, инертті материалдарды төгудің көмегімен Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болғанын атап өтті.