Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

«Қазпошта» компаниясы тұңғыш рет соңғы 5 жылда 2,4 миллиард теңге пайда тауып, акционерлерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төледі.

Ал салық аударымдары мен баж алымдары 30 миллиард теңгеден асқан. Бұл туралы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Әсел Жанасова мәлімдеді. Ол бүгін Президенттің қабылдауында болып,  компанияның қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берді. Былтыр «Қазпошта» арқылы жеткізілетін сәлемдемелердің саны 35 пайызға көбейіп, жеткізу жылдамдағы екі есе артқан. Енді компания Алматыда «А» санатындағы жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс. Оған қоса Қазақстанның Шығыс пен Батысты арасындағы жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.