Қ.Тоқаев хорват халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша хорват халқын ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.

Зоран Милановичке жолдаған жеделхатта Президент Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа тоқталды. Ынтымақтастық аясы жылдан жылға кеңейіп жатқанына ризашылық білдірді. Бірлескен күш-жігердің арқасында байланыс беки түсетініне де сенім білдірді. Сондай-ақ Хорватия мемлекетіне серпіліс, ал Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, халқына құт-береке тіледі.