Қ. Тоқаев Оңтүстік Корея президентін Ақордада күтіп алды

web.telegram.org/k/#@aqorda_resmi

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

 

@aqorda_resmi