Қ.Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айтты, деп хабарлайды 24kz.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Президент бауырлас елге гуманитарлық көмек жіберілгенін, әрі қажет болған жағдайда жәрдемдесуге әзір екенімізді жеткізді.