Ақордада ҚХР төрағасын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәртебелі мейман бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының Төрағасына рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.