Олимпиада-2024: 30 шілде күнгі жарыс кестесі
Париж Олимпиадасының төртінші күнгі жарыс кестесінен ақпарат бере кетсек.
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының саңлақтары келесідей спорт түрінен бақ сынайды.
Мария Дмитриенко стенд атудан түскі 12:00-де өнер көрсетеді. Дзюдодан Абылайхан Жұбаназар және Эсмигүл Куюлова сағат 13:00-ден бастап боз кілемде белдесуін бастайды.
Бокстан 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай және 51 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов шаршы алаңда жұдырықтасады. Былғары қолғап сайысы кешкі сағат 19:00-ден басталады.
Жүзуден Әділбек Мусин сағат 14:15-те сайысқа түссе, кешкі сағат 22:00-ден кейін Ильфат Абдуллин садақ атудан бағын сынайды.
Саңлақтарымызға сәттілік тілей отырып, барша қазақстандықты жанкүйер болуға шақырамыз.