Президент ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті.

Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралып, Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы туралы айтылды.