Қ.Тоқаев пен Э.Рахмон шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, аса сый құрмет көрсетіп қонақжайлық танытқаны үшін тәжік басшысына алғысын білдірді. Қазір екі ел арасындағы қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз сенімді одақтас елдерміз, деді қазақ басшысы. Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылатындығын да айтты. Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Өз кезегінде Эмомали Рахмон екі жақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-транзит, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, ауыл шаруашылығы мен су ресурстары салаларындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек Қазақстан мен Тәжікстан экономикасын дамытуға тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары қарастырылды.