Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады.
Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйымның қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешуде айрықша роль атқаратынын және оның орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынын атап өтті. Өз кезегінде Изуми Накамицу Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі ролі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.