Үкімет ЖІӨ 6,9%-ке арттыруды көздеп отыр
Ел Үкіметі жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімін 5,6%-тен 6,9%-ке дейін арттыруды көздеп отыр. Оған қол жеткізу үшін экономиканы әртараптандыру, оның күрделілігін арттыру, елімізде тереңдете өңделген өнім өндірісін ұйымдастыру, шикізатқа тәуелділіктен арылу бойынша белсенді жұмыс қажет. Бүгін Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына жауап берген Үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді.
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасының өсімін $450 млрд-қа дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Премьер-министрдің сөзінше, осы уақыттарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес ЖІӨ-нің жылдық өсімі орта есеппен 5,4% деңгейінде жоспарланған. Бірақ ел Үкіметі межені асыра орындауды көздеп отыр.