Мажарстанда Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға мемлекеттік сапары басталды.
Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақ басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.