Қ.Тоқаев БАӘ Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген. Сонымен қатар Қ.Тоқаев қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.