Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президентімен кездесті

Дүниежүзілік банк Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы шеңберінде қазақстандық жобаға 650 миллион доллар бөледі.

Қаржы институты өзге де ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Банга мәлімдеді. Басқосуда мемлекет басшысы Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған – Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның маңызына назар аударып, банктың шешімін құптады. Сондай-ақ стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Ал Аджай Банга ықпалдастық деңгейіне жоғары баға беріп, өзара тиімді байланысты бекітуге дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыстың ұзақмерзімді перспективасын айқындау үшін Аджай Банганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Айта кетейік, қазір елде қаржы институттарының қатысуымен ірі 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның құны 3,5 миллиард долларға жетеді.