Қ. Тоқаев One Water Summit аясында Э. Макронмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Уан Уотэр саммиті аясында Франция президенті Эмманюэль Макронмен де кездесті.
Жақында Францияға жасаған мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді экономикалық өсімге және елдер арасындағы байланысты нығайтуға жасалған маңызды қадам болғанын атап өтті. Қазақ-француз қарым-қатынастарын берік стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізу үшін Парижде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызы зор екені айтылды. Эмманюэль Макрон өз кезегінде Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» экономиканы дамыту секторларында күш біріктірудің мәні зор екенін жеткізді. Тараптар энергия тиімділігі, таза технологиялар, су ресурстарын басқару, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективаларын талқылады.