Қ. Тоқаев Power International Holding компаниясының иелерімен кездесті

Катарлық ((Power International Holding)) Пауэр Интернэйшнл холдинг компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының екінші желісін, сондай-ақ жаңа компрессор станциясы мен Ақтөбе – Қостанай магистральді газ құбырын салуға қатысады.

Бұл жайында бүгін Президенттің компания иелерімен кездесуі барысында айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобалар, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, елеулі үлес қосатынына, назар аударды. ((PIHП)) Пи Ай Эйч  Директорлар кеңесінің төрағасы Муа-таз Әл-Хаят қазақ тарапымен телекоммуникация, энергетика салаларындағы инвестициялық жобалар бойынша, түбегейлі келісімге келгенін айтып, аталған бағыттағы жұмысты жүзеге асыру жоспарын таныстырды. Сонымен қатар компания қазір Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын салу және облыс-аралық электр желілерін тарту жобаларына келіссөз жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, Қатар конгло-мератының басшылары жасанды интеллект бағытында бірлескен бастамаларды қолға алуға қызығушылық танытып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі тарапынан қатарлық инвесторға қолайлы жағдай жасалатынын растап, барлық жұмысты жоғары стандарттарға сай нәтижелі орындаудың маңызын атап өтті. 

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы:

- PIH компаниясы Самұрық-Қазынаға еншілес компаниялармен бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың арасында Qazaqgaz-бен еншілес 2 газ құбыры және 2 газ өңдеу зауыттары. Бірінші газ құбыры Ақтөбе-Қостанай қаласына дейін, екіншісі Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының газ тармағы. 2 жобаны 2026 жылы іске қосатын боламыз.