10 қаңтар Ұлттық Ұлан құрылған күн
Бүгін ел іші сақшылары Ұлттық Ұлан құрылған күн.
Әскери құрылымның жасақталғанына 33 жыл. Қазір Ұлттық Ұланда 13 мың 500-ге жуық әскер мерзімді қызмет атқарады. Оларға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігі және қарулы қақтығыстарды болдырмау сынды маңызды міндеттер жүктелген.
Өткен бір жылда жасақтың кинолог мамандары мен олардың төртаяқты серіктері 100-ден астам із-кесу оқиғаларына жұмылдырылды. Қызметтік иттер көмегімен 40 келіден астам есірткі, 1,2 келі жарылғыш зат, 74 оқдәрі, 15 атыс және суық қаруы табылды. 81 қылмыс ашылып, 69 қоғамдық тәртіп бұзушы ұсталды. Ұлттық Ұлан қатарындағы қызмет ел алдындағы борышты өтеумен ғана шектелмейді. Биыл мерзімді қызметін аяқтаған 627 әскери қызметшіге жоғары оқу орындарынан білім гранттары берілсе, тағы 500-ге жуық сарбаз келісім-шарт негізінде қызметін жалғастырады.