Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде тұман түседі
27 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
27 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Орал қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
27 қаңтарда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
26 қаңтардың сағат 20:00-ден 27 қаңтардың сағат 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
27 қаңтарда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
27 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі.
27 қаңтарда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.
27 қаңтарда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.