Ол 1941 жылдың шілдесінде Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанды. Батыс майданының 16-әскері 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2-батальоны 4-рота құрамында болды. 1941 жылдың 16 қарашасында Иван Натаров Мәскеу облысы Волоколамск ауданының Дубосеково разъезінде жаудың бірнеше қарсы шабуылына тойтарыс беруге қатысты. Батырдың майдан даласындағы ерлігі осы шығарылымда.