5G желісі 2025 жылдың соңына дейін орнатылады
2025 жылдың соңына дейін елдегі барлық облыс орталығында 5 джи желісі болуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тапсырманы жедел орындауды тапсырып, "технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынымызды арттыруымыз керек" деді. Бірақ жылдамдық, сапаға кері әсер етпеуі қажет. Одан бөлек мемлекет басшысы ауыл тұрғындарын да интернетпен қамтамасыз ету маңызына тоқталды.
(( ЦИТАТА:
«2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдаланып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды ))