Ғылымға салынған инвестиция алты есе өсті

Кейінгі бес жылда отандық ғылымды дамытуға салынған инвестиция көлемі алты есе өсті. Саланы жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгеден асты. 

Зерттеу университеттерінің дамып, технопарктер, инжинирингтік орталықтар мен ғылыми қалашықтар құру қолға алынды. Биылдың өзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға бағытталатын қаржы 260 млрд теңгеге жетті. Қаржыландырудың артуы ғылымның стратегиялық ресурс ретінде қарастырылатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы ғылым, білім және инновациялар мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде Конституцияда нақты бекітілгенін атап өтті. Бұл саланың мәртебесін түбегейлі өзгертеді.  Енді ғылымды дамыту мемлекеттің тікелей міндетіне айналады.