Астанада пластикті қайта өңдеудің жаңа тәсілі таныстырылды
Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары шикізат пен қайталама пластикті қайта өңдеу жобасын әзірледі.
Ғылыми ізденіс нәтижесінде алынған қоспадан құрылыс материалдарын, автокөлік бөлшектерін, тіпті жиһаз өнімдерін де жасап шығаруға болады.
Жас ғалымдар соңғы технологияларын «Ғылым және білім» халықаралық конференциясы аясында таныстырды. Шарада IT, физика, математика, әлеуметтану және филология саласындағы тың зерттеулер талқыға түсті. Кей жобалар қазірдің өзінде отандық компанияларда енгізіліп жатқан көрінеді.
Жақып Кәріпбаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры:
- Біз ғылыми жоба аясында жаңа люминофорлар жасаған болатынбыз. Жалпы люминофор дегеніміз қазір қолданылып жүрген жарықшамдарда қолданылатын түрлендіргіштер. Яғни бізде қазір бүкіл жарық шамдар жарық диодты болып келеді. Олар өте үнемді, жұмыс істеу уақыты өте ұзақ және біз ол жарық шамдардың қолдану аясын кеңейту мақсатында жылыжайларға арналған түрлендіргіштерді ойлап таптық.