Транспорт және логистика. Қазақстанның ЕАЭО аясындағы транзиттік мүмкіндіктері

Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы өзара тауар айналымының маңызды тетігіне айналып отыр. Ал құрылысы аяқталуға жақын ««Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізі аталмыш транзиттік әлеуетті нығайта түспек. Бүгінде Еуропа мен Шығыс елдері арасындағы тауар айналымының негізгі бөлігі Қазақстан арқылы өтуде. Ол бізге ұлттық нарықты жетілдіріп, көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Толығырақ осы шығарылымда.