Биыл 200 мектеп төрт тетік бойынша салынады

Биыл елімізде 200 мектеп төрт түрлі тетік бойынша салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар – жекеменшік-мемлекеттік серіктестік, модульды мектептер құрылысы, жекенің меншігіндегі мектептер желісін дамыту және мемлекеттік бюджет есебінен салынатын білім беру мекемелерінің құрылысы. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, алдағы бір аптада жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің құрылысы бойынша жол картасы бекітіледі.