Елорда мектептеріне шабуыл жасау туралы ақпараттан кейін қауіпсіздік күшейтілді
Telegram желісінде елордадағы мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы ақпарат тараған соң хабарламада көрсетілген орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Лаңкестік туралы жалған хабар жариялау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі халықты дүрбелеңге салынбай, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Естеріңізде болса, биыл ақпан айында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында да осындай хабарламалар тараған еді. Кейін соңғы аталған екі қалада кәмелетке толмаған балалар ұсталды. Олардың жасы ескеріліп, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кеткен жөн, Заңға шекеден қарағандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.