Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған балалар қашықтан оқытылады

Жаңа оқу жылындағы санитарлық талаптар айқындалды.

Жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта оқитыны белгілі. Қазір қауіп көп болғандықтан санитарлық талаптар қатаң. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған балалар қашықтан оқытылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Бұдан бөлек, мектептерде күнделікті термометрия, медициналық маска тағу, кварцтау, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының қатынасын болдырмау үшін белгіленген үзілістер енгізіліп, бұқаралық іс-шаралар шектеледі.