Елімізде коронавирус жұқтыру көбейіп, қызылша дерегі азайған
Қызылшаға қарсы қосымша екпе өз нәтижесін бере бастады.
Ауру жұқтыру көрсеткіштері былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда биыл 20 процентке азайған. Тек Қарағанды облысында ғана қызылшамен сырқаттанғандар көп. Ал қалған өңірлерде жағдай тұрақты деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова. Еске салайық, былтыр күзде елімізде қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқаны басталған. Ал коронавирус бойынша көрсеткіштер керісінше өскен.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Коронавирус өткен жылдың желтоқсанмен салыстырғанда биыл 2,5 есе көбейген. Жыл басынан бері 800 жағдай тіркелді. Айлық есепте өсім болғанымен жылдық кезеңде көрсеткіш тұрақты. Дегенмен, коронавирус әлі де бар. Соңғы зерттеулер бізде омикронның 23 түрлі мутациясы таралғанын көрсетті. Ауру жұқпалы, бірақ жеңіл өтеді. Коронавирус жұқтырғандар негізінен Астана мен Алматыда.