Елімізде 9-сыныптан кейін колледжде оқу тегін болады

Енді елімізде колледждерде оқу тегін болады. Бірақ тек 9-сынып түлектері үшін ғана ақысыз.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Айтуынша, ақылы түрде оқитын түлектердің көбі ақысын төлей алмай оқуын тастап кетуге мәжбүр. Үкімет әсіресе аз қамтылған отбасынан шыққан түлектерге басымдық бермек.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрдің орынбасары:

- Колледждерде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 процент тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-сынып бітірген 30 мың бала ақылы түрде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындыққа байланысты оқуын тастап кетіп жатыр. Сондықтан жастардың оның ішінде аз қамтылған отбасын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып бітірген мектеп түлектеріне тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады.