Алматы облысында үш ауысымда оқитын 54 мектеп бар

Алматы облысында үш ауысымда оқитын 54 мектеп бар

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мектептердегі үш ауысымды оқыту мәселесі ішкі көші-қонға және бала туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта облыста 54 үш ауысымды, 143 бейімделген мектеп бар. Жаңа типтік мектептер салу үшін қомақты қаражат қажет»,делінген ведомствоның хабарламасында. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл проблемаларды шешу үшін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде қаржыландыру жеткіліксіз. Педагогтар үшін нормативтік оқу жүктемесінің төмендетілуіне байланысты мұғалімдердің жалақысын арттыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруды қажет етеді.

Сондай-ақ 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының аяқталуына байланысты қаражаттың айтарлықтай қысқаруы жұмыссыздықтың көбею қаупін туғызады. Сондықтан бұл мәселелерді шешуде Үкіметтің қолдауы қажет екені айтылған.