Алматының Оқушылар сарайына Тоқаевтың сыйлығы табыс етілді

Алматының Оқушылар сарайына Тоқаевтың сыйлығы табыс етілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді. Автобуспен балаларды түрлі конкурс, жарыстар мен фестивальдерге апару жоспарлануда.

Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен өзге автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған.

Сондай-ақ Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңарту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.